Кіші жүз

Кіші жүз

Тарихы

Қазақ халқы қалыптасқаннан көп бұрын Батыс Қазақстан өңірінде маңғыт немесе ноғайлы тайпалар одағы өмір сүрген болатын. Ноғай Ордасынан бөлінген алшын одағының негізінде Кіші жүз бірлестігі қалыптасты. Соған байланысты олар ел арасында “Кіші жүз – алшын” атанған. Оның құрамына:
  • 12 ата байұлы (адай, алаша, байбақты, беріш, жаппас, масқар, таз, тана, есентемір, ысық, қызылқұрт, шеркеш);
  • 6 ата әлімұлы (қаракесек, қарасақал, төртқара, кете, шөмекей, шекті);
  • 7 ата жетіру (табын, тама, кердері, керейт, жағалбайлы, телеу, рамадан) тайпалары енеді.
  • 15 – 17-ғасырларда ру-тайпалық топтар Бұрындық, Қасым, Ақназар, Тәуекел, Есім және Тәуке хандардың иеліктерінде болды. Тәуке хан тұсында Кіші жүзге Әбілқайыр хан сайланды (1710).
  • 1723 ж. Жоңғар шапқыншылығы қазақ даласын үлкен апатқа ұшыратып, бұл кезең “Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама” аталды. Басқыншылардың шабуылына төтеп бере алмай Кіші жүздің бірқатар рулары Сауранды айналып өтіп, Хиуа мен Бұхарға беттеді. Бірақ мұнда да тұрақтай алмай, Жайыққа қарай ығысты. Ықпалды хан деп саналғанмен, Әбілқайырдың билігі Кіші жүзге түгелдей жүрмеді. Кейіннен Кіші жүзде Нұралы, Ерәлі, Есім, Айшуақ және Шерғазы хандар билік құрды. Қазақтардың Ресей қол астына алынғанына жарты ғасыр өткенде, империялық езгіге қарсы ұлт-азаттық қозғалысы басталды. Оны Сырым Датұлы басқарды. Бұл күрес қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болды. Кіші жүз қазақтарының бірсыпырасы Еділ мен Жайық аралығына көшіп, 1801 ж. Бөкей ордасын (Ішкі Бөкей ордасы) құрды.
Кіші жүз Байұлы.

Комментариев нет: