Уақ


Уақ 

Уақ тайпасының рулары мен аталары жоңғарларды қуып шығу кезеңінде қазақтардың Орталық және Шығыс Қазақстанға қайтып оралуы тұсындағы жалпы ағын бойынша қозғалған. Бастапқыда уақтардың бірнеше қауымы Ерейментау жазығына (мысалы, Тұраққопа алқабы) қоныстанған да, басқалары Ертістің оң жағалауына (Арқатау тауы жазығына) кеткен. Ерейментаудан олар Ертістің сол жағалауына, Шар, Ащысу секілді өзендер бойына көшеді. Ертістің оң жағалауында уақтардың біразы жалға: 1 шаңыраққа 40 тиын, 1 ірі қараға 15 тиын, 1 қойға 5 тиын, әрбір шаңырақтың түтін салығына 30 тиын төлепу кабипеттік және әскери жерлерде көшіп жүрген. Жайылым мен учаскелерді жалға алатын ақшасы болмаған кейбір қауымдар Ертістің сол жағалауына, ал басқалары Томск губерниясы мен Алтай таулы округінің жерлеріне кетеді. Мысалы, Жансары руы 1876 жылға дейін Алтай таулы округінің жерінде қыстап жүргенде, өзінің Семей облысына қосылуы себепті Ертіске көшіп келуге мәжбүр болған.
XIX ғасырдың бірінші жартысында уақтар барлық округтерде қоныстанды деуге болады, алайда олар Аягөз, Аманқарағай (Құсмұрын), Баянауыл сыртқы округтері мен Омбы ішкі округінде көп болған. Салық төлемеген болыстар жөнінде жасалған 1841 жылғы ведомость бойынша, ондайлар: Сарман Уақ болысында 3220 адамы, 736 шаңырағы бар 12 ауыл, ал Шоға Уақ болысында 3999 адамы, 913 шаңырағы бар 14 ауыл болған. Уақтардың екі болысында барлығы 26 ауыл, 1649 шаңырақ, 7219 адам есептелген.
Бұл көшпенділер өздерін Уақтан тараған сегізінші буынбыз деп білетін ағайынды Шоға мен Сарманның ұрпақтары (6кесте). Сібір шебі төңірегінде көшіп жүрген 374 шаңырақ уақтар 7- ші казак полкінің жерінен қуып шығарылып, 1844 жылы Аягөз округінің Уақ болыстарына қосылды. Шоға (6 ауыл, 621 шаңырақ) мен Ергенөкті уақ (5 ауыл, 430 шаңырақ) біріккен бір Уақ болысы Томск губерниясындағы Бийск округінің жерінде, Черемухов және Белокаменный станцияларына жақын жерде көшіп жүрген. Ал олар барлығы 11 ауыл болып, 1051 шаңырақты біріктірген. Баянауыл, Ақмола сыртқы округтеріне қосылған уақтардың көпшілігі Томск және Тобыл губернияларында көшіп жүрген. 1849 жылғы деректер бойынша, 4 әкімшілік ауылдан (384 шаңырақ) тұратын Баянауыл уақтары (ергенекті уақ руының Бидалы атасы 6-кесте) Томск губериниясының Бийск округіндегі Семияр станицасының маңында, Сарбеубел алқабында, сондай-ақ Тобыл губерниясьшың Омбы округінде, Песчаный станциясына жақын маңда көшіп жүрген. 1840 жылғы деректерге қарағанда, ашылмақшы болған Көкпекті округі иелігінде Делбегетеіі тауы мен Жартас алқабынан Шар өзеніне, приказдан солтүстік - батысқа қарай 150 шақырым қашықтықта көшіп жүрген уақтардың 170 шаңырағы болған. Омбы округіндегі казак полктері жерінде көшіп жүргеи уақтар да көп болған.

Комментариев нет: