Шанышқылы
Шанышқылы
Шанышқылы — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Шанышқылы да Ұлы жүз құрамына кіретін ру. Бұл рудың шығу тегі мен тарихы жайында көне деректерде ешнәрсе жоқ. XVIII ғасырдың ортасынан бастап, орыс деректерінде (П. И. Рычков, А. И. Тевкелев, А. Левитин, Ш. Уәлиханов) «ол (шаныпщылы) Ұлы жүз құрамына кіріп, Қаратау мен Талас өзенінің күнгейінде көшіп жүреді» деген мағлұмат бар. Алғаш рет Шанышқылы руының тарихы мен шығуы туралы Н. Аристов өз жорамалын келтіріп, Шанышқылының отаны Алтайдағы Бийдің бір саласы Аққу өзені мен Шошқалы, Шаңғылбүлақ, Қалжыр өзені ағып шығатын Марңакөлдің сағасындағы құмандар арасында деп тұспалдайды. Қаңлы мен Шанышқылының шығу тегі жоғарыдағы келтірілген аңызда Бақтиярдың өкіл баласы Қатағанмен байланыстырыла ңарастырылып, Шанышқылының ежелгі мекені ретінде Алтай өлкесі айтылады. Қатағандар туралы Әбілғазы еске алый, өзі (Әбілғазы) қазақтар арасында 1632 жылы болғанда қазақ ханы Есім хан Ташкент билеушісі қазақтан шыққан Тұрсын ханды өлтіріп, Қатағандарды тонап, ңысымшылық көрсеткенін айтады. Ол Қатағандарды Алұн-гоаның үлкен ұлы Бұқым-Қаттаннан шығарады. Ал Рашид ад-Дин Қатағандарды көшпелі ру Қатақин деп атап, оларды Алұн-гоаның үлкен ұлы Бу гунхатақидан таратады. Сол себепті қатағандар Түркістанда тек Шыңғыс дәуірінде, Шағатай сарбаздарының құрамында соларға қызмет етіп, пайда болды деп топшылауға болады. Әрине, олардың саны онша көп емес еді.Сырдарияда қатағандар жергілікті Қаңлы мен Шанышқылылар құрамынан тұрып, әлде бір қатағанның әйгілі бегін қорғау үшін соларға қосылғандар болатын.
Комментариев нет:
Отправить комментарий