Ошақты


Ошақты

Ошақты — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ошақты руы туралы да көне жазба деректерде ешқандай мәлімет жоқ. Тек қана орта ғасырдағы бір мағлұматта Ошақты емес, оның бір Байлы руы жөнінде XV ғасырға жататын араб саяхатшысы Масуди «Тарихи Абулхайырхани» шығармасында там-тұм ескертіп өтеді. Орыс әдеби деректерінде XIX ғасырдың 70-жылдарына дейін де Ошақты руы туралы бірде бір сөз айтылмайды. Тек 1867 жылы Ю. Южаковтың еңбегі жариялаиып, онда Ошақты мен Шапырашты Суанның баласы деп қатеге ұрынады.
       Бірақ, Ю. ІОжаков Ошақты руының тегі туралы ешқандай мәлімет бермейді, Н. Аристов та ңолында дерек жеткіліксіз болғандықтан, бұл ірі қауымдастықтың ата тегі туралы епщандай ауыз тұшытарлық мағлұмат келтірмейді. Тек М. Тынышбаев қана Ошақтылардың рулық құрылымы туралы біраз хабардар етеді, сол біздің ата тек тарату жұмысымызда біршама бағдар болды.
Қазақ шежіресі бойынша, Ошақты Үйсінге шөбере болып келеді. Оның әкесі Жәлменде үш әйел алады: біріпшісі Мапыраштыдан Шапырашты, екіншісі Қарашаштан Ошақты және үшінші әйелі Сландыдан Ысты. Демек, қазақ шежіресі олардың туыстық байланысын айқындап береді. Оыың үстіне, В. Востров Қоңыр атасының Ошақты мен Ысты құрамында болуының өзі олардың туыстық қатынаста болғанын көрсетеді деп есептейді. Огнаңты руының тегін тарқатуда бізге мәлімет беруші Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал ауылының тұрғыны 1889 жылы туған (Ошақты) Мықтыбай Махамбетов көп көмектесті.
Қарапайым әдеби деректер мен біздің зерттеулеріміздің негізінде Ошақты руының тегін жүйелеп, олардың қоныстанған ауданын айқындаудың мүмкіндігі туды (№ 8 қосымшаны ңараңыз). Сонымен, Ошақты руы алты атадан тұрады: Байлы (немесе Байназар), Қоңыр (Қойназар), Аталық (немесе Бекназар), Тасжүрек (Ақназар). Байлы төрт атаға бөлінеді: Сүзік (Созақ), Байсары, Қасқа, Қабыл.

Комментариев нет: