Ысты
Ысты
Ысты — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ыстылардың ежелгі этникалық тарихы, оның үстіпе этногенезі жайында айтудың жөні келмейді. Өйткені, көне деректерде ол туралы ештеңе жоқ. Тек Фахреддин Мүбәракшахтың«Тарихында» XIII ғасырда қазіргі Қазақстанның жерінде басқа рулармен көшіп-қонып жүргеп Ысты руының Тілік тұқымы туралы сілтеме бар. Сол мәліметке сүйеніп, В. Востров «ЬІсты рулары Шу мен Талас өзендерінің арасын мекендеп, XV ғасырда Қазақ хандығының құрамына еніп, ал сонан соң басқа рулар мен аталарға еріп, шығысқа жылысып, Іленің сол жағасына қоныс тепті» деп атап өтеді. Ысты руы туралы орыс деректерінде алғашқы мәліметтер А. И. Тевкелевтің Ұлы жүз руларын санамалаған еңбектерінде, сонымен қатар Ұлы жүзді Ресей боданына алу туралы Ұлы жүз сұлтандары мен билерінің қол қойған өтінішінің тізімінде еске алынады, онда Ысты Ойық және Тілік деп екіге бөлінеді. Әйтсе де бұл мәліметтерді В. Востров өз зерттеуінде келтіреді. Ыстының түп-негізі туралы бергі әдеби деректер де бар. Оған ең алдымен қырғыздардағы жер пайдалану туралы Н. Аристов, М. Тынышбаев және В. Востровтың жарияланымдарын жатқызуға болады. Осылардың бәрін есептей келіп, әдеби деректерді біздің зерттеуімізбен салыстыра отырып, Ысты руының толық тегін жасауға мүмкіндік туды (№ 7 қосымшаны қараңыз). Ең білікті мәлімет берушілеріміз: Жамбыл облысы, Талас ауданының тұрғыны 1909 жылы туған (Ойық) Жаңабай Балтабаев; Жамбыл облысы,Сарысу ауданының тұрғыны 1895 жылы туған (Ысты) Орынбай Тұрысбеков; Алматы облысы, Жарсу кеңшарының тұрғыны 1928 жылы туған (Шапырашты) Қожахмет Кәрібаев; Алматы об лысы, Жарсу кеңшарының тұрғыны 1905 жылы туған (Шапырашты) Ыдырыс Сүлейменов; Шымкент облысы, Төрткүл ауылының тұрғыны 1888 жылы туған (Қараңойлы) Қожатай Төлеков және басқалар. Сонымен, қазақ шежіресінде қатталғандай, Ысты Бәйдібекке немере, ал Бәйдібектің өзі Үйсінге шөбере болып келеді. Соған сәйкес Бәйдібек Ұлы жүздегі жеті рудың (Сарыүйсін, Дулат, Албан, Суан, Ысты, Ошақты және Шапырашты) атасы. Аңызға қарағанда ЬІсты Жәлменденің екінші әйелі Сландыдан (бұрынғы күң) туады.
Комментариев нет:
Отправить комментарий