Дулат
Дулат, Дулу, Дулуғ, Далу, Далуғ, Доғлат - қазақ халқын құраған ежелгі түркі тайпаларының бірі. Дулат атауы тарихи деректерде өте ерте заманнан кездеседі. Олардың ішіндегі ең жиі ұшырайтыны – дулу (қытай жылнамасы бойынша). Оны кейбір зерттеушілер тулақ (tug-lаg), дұғлы (dug-lу) деп те атайды. Атақты шығыс зерттеушісі Н.Я. Бичурин мен Г.Е. Грумм-Гржимайлоның жазуына қарағанда, Дулаттар б. з. б. 2 ғасырында өз алдына хандық құрған (ол кезде билеушісі хан деп аталмай, «би» деп аталған), Үйсін (Усунь) тайпалар одағында дулу тайпасы да болған.Демек, ежелгі дулу тайпасы қазіргі татар, башқұрт халықтарының этникалық құрамында да болуы мүмкін. Ал ежелгі Түрік қағандының ата жұртында қалған дулулар үйсіндермен, басмылдармен (арғындар), наймандармен бірге жужандарға (түркі тілдес халық) қарашы болуды, салық төлеуді тоқтатып, 545 ж. өз алдына бөлінеді. Бұл кезде оларға Бумын хан, Истеми (Ябығу) қолбасы болды. Дулу (бертін келе дуғлат, доғлат, Д. атанған) алғашқы Түрік қағанатын құруда үлкен рөл атқарған. С.Е. Маловтың баяндауынша, Күлтегін көне түркі жазуындағы ағайынды Бумын қаған мен Истеми қаған дулу. Грумм-Гржимайлоның пікірінше, дулулар жорық жолдарында қайтыс болған батырлардың басына тас қойып, жорыққа қатысқан рулардың таңбасын салдыруды дәстүр етеді. Талдықорған қаласының солтүстік шығыс жағындағы Дауылбай тауында Дулаттың шеңбер таңбасы (қосымшаларымен қоса) шекілген тастар көп. Мұнда солармен аралас арғынның «көз» таңбасы, найманның «айқыш» таңбасы, үйсіннің «тарақ» таңбасы да кездеседі. Шыңғыстаудағы Көпмолада бұл таңбаларға қыпшақтың «әліп» таңбасы қосылған. Осы таңбалар Қу, Қойтас (Көкшетау облысы) тауларындағы молаларда да ұшырайды. Дулу ханы Истемидің ордасы көне Құяс қаласы қазіргі Алматы облысы Кеген маңында, Жалаңаш сілемінің тұсында болған. Л.Н. Гумилевтің жазуына қарағанда, Истеми өзінің бар өмірін жорықпен өткізеді. Истеми 676 ж. шамасында өлген, оның орнына үлкен баласы Қара Жұрын хан болады. Қара Жұрын қытай, жоңғарлармен алыса жүріп, Жетісу, Мауераннахрды қорғауға күш салады.
Комментариев нет:
Отправить комментарий