Сіргелі


Сіргелі

Сіргелі — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қазақ шежіресінде Сіргелі Ұлы жүздің құрамындағы ежелгі тайпалардың бірі. Мәселен, біз келтіріп отырған ата-тегінің таралуына қарағанда (1-қосымша), Сіргелі Бақтиярдың немересі, Үйсінге бауыр болып келетін Ойсылдың ұлы. Сөйтіп, қазақтың шығу тарихы сіргелілерді үйсін дәуіріне дейін апарады. Алайда, зерттеушілер көне деректерден Сіргелі туралы мәлімет тапқан жоқ. Кеңес кезеңінде бір топ зерттеушілер Н. А. Баскаков пен С. К. Ибрагимов XVXVI ғасырға жататын Рузбехан еңбектерінен Сіргелі руы туралы мәліметтер тапты. Рузбеханның көрсетуінше, қазақтар жазда Еділ бойын жайлап, қыста Сырдария жағасына, Түркістан төңірегіне қарай көшіп кетіп жүрген. Қазақстанның батыс аудандары бір кезде Ноғай ордасына қарады. Ноғай ордасы ыдырағаннан кейін олардың бір бөлігі солтүстік Кавказға кетіп, басым көпшілігі жаңа құрылған қазақ хандығының құрамына енді. Бұл туралы қазақ ру-тайпаларының көбісінің (наймандар, қыпшақтар, қоңыраттар, үйсіндер, ергенекті, ашамайлы, телеу), сонымен қатар солтүстік Кавказда ноғайлар ішінде сіргелілердің үштаңбалы руларының болуы көп жайды аңғартады.
В. Востров бұл мәліметтерді өз еңбегінде келтіре отырып, «бұл екі ру мен аталардың тек жай ұқсастығы емес, сөз жоқ, ноғай ордасы ыдырағаннан кейін екі туысқан халықтың құрамындағы сол ру мен тайпа» деген қорытынды жасайды. Сөйтіп, сіргелілер Батыс Қазақстаннан Сырдария мен Түркістанға, Талас пен Шу бойына Жәнібек және Керей сұлтандармен бірге келген рулар құрамында осы маңда қалып кетуі де ғажап емес. Қалай дегенде де XVXVI ғасырларда Сіргелі руларының аталары Талас пен Түркістан төңірегін мекендеді. Әдеби деректерде Сіргелі руының ата-тегі туралы деректер азын-аулақ. Мәселен, орыс шығыстанушысы Н. Аристов өз еңбегінде Сіргелі руы сегіз ата: Байжігіт, Қарабатыр, Батырлар, Үштаңбалы, Айтбозым, Елібай, Төрттаңбалы, Жаңабайға бөлінетінін тұңғыш рет айтады.

Комментариев нет: