Беріш - қазақ рулары Беріш — қазақ халқын құраған тайпалардың бірі.
[өңдеу]
Тарихы
Шежіре бойынша, Кіші жүздегі байұлы бірлестігі құрамына енеді. Есенқұл,Қаратоқай, Жайық, Жаңбыршы, Себек, Бегіс, Есен аталарына таратылады. Беріш тайпалық бірлестігінің құрамына енген аталардың тарихы әріден басталады. Мәселен, Беріш тайпасының ең іргелі руы — Жайық. Ол өз есімін не Жайық өзеніне берген, не есімін Жайық өзенінен алған. Ал Жайық өзені болса, ол б.з. 2 ғасырынан бастап белгілі. 6 — 12 ғасырлар арасында көшпелілер батысқа жылжыса, 2 — 3 ғасырлар аралығында далалық өңірдің қуаңдануына байланысты олар шығысқа ойысып, Алтай өңіріне иек артқан. Түркі қағандығы құрылатын 6 ғасырдың алдында жайықтардың Алтайда отырғаны туралы жанама дерек бар: Алшын (Ашина) түркілері Алтайға келгенге дейін жергілікті түркілер бас құдай ретінде үлкенге және оның қасиетті жұбайы Жайық (Дайық) Анаға табынған. Жайық — көне түркіше мейірімді, қайырымдыдеген сөз. Билік басына келген Алшын (Ашина) түркілері Жайық Ананы ысырып тастап, өздерінің қасиетті кейуаналары Ұмай есімін енгізген. Сөйтіп, Алшын (Ашина) түркілері мен Жайық Беріштері арасында келіспеушілік орын алып, Жайық Беріштің қағандық орталығынан кетіп, қарлықтарға қосылуына себепші болған.
Комментариев нет:
Отправить комментарий