Тарихы
Кете руы туралы алғашқы деректер 12 ғасыпдан бері белгілі. Қидандарға бағынып, 1120 ж. Елюй-Даши басшылығымен, Қарахандар әулеті мемлекетіне қарсы жорыққа қатысқан 18 тайпаның бірі кити делінген. М.Н. Галкин түрікмендердің гоклан тайпасында кета, Н.Н. Аристов башқұрттарда кете руы кездесетінін айтады. Қазақ ғалымы Ә.Нұрмағамбетұлы: “Қырғыз халқының батырлар жырында ұшырасатын “кете” сөзінің мағынасы – қымбат та асыл мата атауын білдіреді, тунгус-маньчжур тілдерінде “кэтэ” – көп ұғымында айтылады”, дейді. М.Тевкелевтің “Қазақ халқының тарихынан материалдар” атты еңбегінде: “Қашқардан оңт.-батысқа қарай Алай тауының шығыс жақ бөлігін қазіргі уақытта қырғыздың қаракесек және төйт рулары мекендейді. Олар ерте кезден бірге тұрады және өздерінің әңгімелеріне қарағанда – бірге туған туыстар”, – делінген. Кете руы Ақкете және Қаракете тармақтарына бөлінеді. Ақкетеден Болпыш би, Ебескі, Алтай батырлар, Шернияз ақын тараған. Ал Қаракетеден [[Ешнияз сал, Кете Жүсіп, Тұрмағамбет, Омар, Сүйіндік пен Сүйкімбай, Алдашбай, Қуанышбай ақындар, Тоқтаболат, Алтай, Бестібай, Бекмырза, Тұңғышбай, Тайшық, Есетбай билер, Қарақисық, Текей батырлар]] шыққан. Кете руы Қазан төңкерісіне дейін Қазалы, Перовскі, Ақтөбе, Қлбішін уезі, Темір уезі, Гурьев уезі, Бөкей ордасын қоныстанған. Ұраны –Майлыбай, таңбасы – П, Х
Комментариев нет:
Отправить комментарий