Шығу тегі
Орта жүздегі керейлерден тараған. Тарихи атажұрты Батыс Моңғолияда. 4—13 ғғ. — христиандық дінінде болған.
Керейіттер туралы алғашқы деректер XII ғасырдың басына жатады. Онон, Керулен өзендерінің бойында және Бұйырнұр көлінің жағалауында, яғни Монголия аумағында, деп жазады Рашид ад-Дин, керейіт тайпасы мекендеді. Алайда, бұл тайпа аталған уақыттан едәуір ертеректе өмір сүрген деп санау керек, өйткені XII ғасырға қарай ол Шыңғысханға қарсы тұрған аса қуатты күш болған. XIII ғасырдағы керейіттер туралы мәліметтерді біз Г. Рубруктің, Плано Карпинидің, одан соң Марко Полоның жазбаларынан табамыз. Бұл арада осы тайпаның саяси тарихын қарастырып жатудың қажеті жоқ, бұл біздің міндетімізге кірмейді. XIII ғасырдың басында керейіттердің Ванханы Тоғырыл қаза тапқаннан кейін керейіттердің Шыңғысхан билігіне көшіп, оның империясы құрамына кіргенін ғана айтып өтпекпіз. Керейіттердің қазіргі Қазақстан аумағына келуі туралы мәселенің айқын еместігі сияқты, бұл тайпаның содан кейінгі тарихы да айқын емес. Біздіңше, керейіттерді Шыңғысхан талқандап, оларды монгол мемлекетінің құрамына енгізгеннен кейін олар монғолдардың батысқа жасаған жаулап алушылық жорықтарына қатысқан да, сонда мекендеп қалған тәрізді. Мұхаммед Хайдардың деректеріне қарағанда, XIV ғасырдан бастап, керейіттердің қайсыбір бөлігі Моғолстан моголдарының құрамына кірген. XV ғасырда керейіттер өзбек тайпалар одағының құрамына, ал кейініректе қазақ халқының құрамына енген. Ш. Уәлихановтың мағлұматтарына қарағанда, қазақ халқы құрылғаннан кейін керейіттер Ұлы жүздің құрамына кірген, ал көп үзамай олардың негізгі бұқарасы одаи бөлініп шығып, өзбек туыстарыиа кеткен. Керейіттердің қазақтарда қалған шағын бөлігі жетіру ұрпақтарына қосылған. Керейіттер туралы енді Кіші жүзге кіретін ру ретіндегі келесі мағлұматты XVIII ғасырдың орта шеніндегі А. Тевкелевтен, ал содан соң А. Левшиннен табамыз. Бұл ру неғұрлым кейінгі зерттеулердің еңбектерінде де үнемі кездесіп отырады.
Комментариев нет:
Отправить комментарий