Шығу тегі
Алтай кижи ұлты арасында теркеш (бұрыңғы түркеш) деген тайпа атауымен байланысы. Қазақ халқының құрамындағы тайпа. Шежіре деректеріне қарағанда, Кіші жүздегі байұлының құрамына енеді.Шеркештен құлақасқа, қойыс, шумақ, жауқашты, қылышкескен, жетей, қосым тарайды. Қазақ шежірелерінде Шеркешпен есентемір, ысық тайпалары еншілес деп есептелінеді. Соған қарағанда, бұл ру бірлестіктерінің туыстығы ежелден сақталып келе жатыр. Таңбасына (бақанға ұқсас) қарап кейбір ғалымдар (Востров) бұлардың түп-төркіні найман болуы ықтимал деп есептейді. Басқа бір зерттеушілер ысықтар Ыстықкөл маңайын мекендеген, атауын сол көлден, сонымен қатар “абыз“ сөзінен алады дейді. Қалай болғанда да, бұл бірлестіктер Түрік қағандығы, кейіннен Қыпшақ хандығы сынды мемлекеттер құрамына енген. Бірқатар ғалымдар Шеркешті черкестермен де байланыстырады. Олар бір-бірінен оғыз-қыпшақ заманында бөлініп кетуі де мүмкін. Серкеш (Шеркеш) руы өзбек-лоқайлар арасында кездеседі. Шеркештер туралы алғашқы мәліметтер А.Тевкелев, Ларионов рапортында, А.Левшин еңбегінде, кейінгі зерттеулерде ұшырасады. Оңтүстіктегі Шеркештер қоңырат, Ұлы жүздің бірқатар руларымен көршілес тұрған. Шеркешдің басым бөлігі Каспий жағалауын, Жайық пен Еділ аралығын, Мыңтеке, Нарын құмдарын мекендеген. Атақты Шеркештер: Қалиев Алдияр, Алдияров Сабыржан Кұлсарыдан, Байбақты батыр, Асанәлi Әшiмов, Маншкүк Мәметова, Сыдық Зиманов, Махаш хакiм, Куаныш Алдиев Кұлсары, Аман Сарбалин,Сенебаев Аманбек Құлсарыдан
Комментариев нет:
Отправить комментарий