Қоңырат
Қоңырат[1] - Қоңыр + ат(көптік жалғау). Орта жүзге кіретін ру.
Тарихи деректерде "Қоңғырат", "Оңғырат", "Қоңғила" деген атаулар кездеседі.Тарихи мекені Моңғолия жерінде болуы керек. Қазір қоңыраттар көбінесе Қазақстанның оңтүстігі,Қарақалпақыстан, Өзбекістан жерінде тұрады. "Шыңғысханның құпия шежіресі" кітабында Шыңғысханның бәйбішесі Бөрте (Жошының шешесі) Қоңырат руынан екені айтылады. Орта және ұлы жүздер қазақтарының рулықтайпалық құрамының 1748 жылы А. Тевкелев жазған суреттемесінде қоңыраттардың «күшті ру» екені, «Орта ордаға жататыны», көбінде «Үлкен ордамен бірге көшіп жүретіні» айтылған. Ш. Ш. Уәлиханов қоңыраттардың Орта ордадан Уәли хан тұсында (XIX ғасырдың бірінші жартысы) бөлініп, «Бұхарада, Қоқанда, Ташкентте, бәрінен бұрын Қаратауда және Талас өзені бойында өзбек руларымен (көршілес) көшіп жүретінін» жазған. Хабарлар арасындағы айырмашылық 80 жылға жуық, бірақ олардың (қоңыраттардың), Орта Азия мен ұлы (Үлкен) жүз қоныстарына кетіп қалғаны жайында XVIII ғасырдың ортасында да, XIX ғасырдың бірінші жартысында да айтылады. Ал олардың бұлайша кетіп қалуына не себеп болғапын авторлар айтпайды. Осыны анықтауға тырысайық, дегенмен, басқа тайпалар тарихында байқала бермейтін тайпаның бұлайша жаппай көшіп кету корінісі айқын болу үшін бұл тайпапың тарихына қысқаша тоқталып өту керек. Нақ сол Уәли хан кезінде айрыла көшудің болғаны рас, сол хан тарапынан корсетілген қысымшылыққа наразылық ретінде 1797 жылы 15000 шаңырақ арғындардың Ертістің оң жағалауына көшіп кеткенін айтсақ та бола ды. Бірақ ол арғындар (атығайлар) қалай қоныс аударса да Орта жүз жері ішінде қалған, ал қоңыраттар бұрынғы мекенінен мүлде шығандап, оңтүстік өңіріне тым тереңдеп кеткенін көреміз. Мұның қысқаша тарихы мынадай. XVIII ғасырда қоңыраттар көшпенді өзбектердің мемлекеті кезінде болған бүрынғы құдіретінен айрылды, ал ол кезде қоңыраттар оныңжауынгерлік сол қанатына енген еді. Шайбани хан Дешті Қыпшақтан Мауараннахрға бет бұрған кезде көптеген қоңыраттар сол жаулап алушы ханға еріп кетті. Шайбани хан қаза тапқаннан кейін Мауараннахрда өзара қырқыс күшейіп, XVI ғасырдың аяғы XVII ғасырдың басында ол дербес екі хандыққа: маңғыттар басқарған Бұхара және қоңыраттар басқарған Хиуа хандықтарына болінді.

1 комментарий:
ҚАЗАҚ РУЛАРЫ ӨТЕ ЕРТЕДЕН ҚАЛЫПТАСҚАН ШЕЖІРЕ. МЕН ОСЫ ОРТА ЖҮЗДІҢ ҚОҢЫРАТ ТАЙПАСЫНАН ШЫҚҚАН ЖЕТІМДЕРДЕН ШЫҚҚАН ҚАЗАҚСТЫҢ ҚЫЗЫМЫН. ТОЛЫҚ ҚАЙ ЖЕТІМДЕР ЕКЕНІМДІ БІЛМЕЙМІН.
Отправить комментарий