Тама — Кіші жүздің Жетіру бірлестігіне кіреді. Негізгі жері Ақтөбе, Орал облыстары, Ресей Федерациясының Орынбор облысы. Жезқазған облысында және Жамбыл облысының Сарысу ауданында, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстанның Созақ ауданында тамалар шоғырлана орналасқан. Тама руының шыққан тегі тарихи әдебиетте ешқандай көрініс таппаған. Орыс деректемелерінде тама руы туралы алғаш рет 1748 және 1762 жылдарда айтылады. Ол жөнінде А. И. Тевкелевтің тізімінде және П. И. Рычковта, сонымен қатар Ларионовтың рапортында да кездеседі.
Бұл рудың неғұрлым ертеректегі тарихын анықтау үшін, біздің ойымызша, Рашид адиннің монғол тайпаларының ішінде баргубурут бөлімдерінің бірі Енисейдегі ңырғыздар арасында мекендеген тума (тумэте) болғаиы туралы мағлұматы қызықтырарлық болып табылады. Жорамал ретінде бұл тума тама руының атабабалары болып табылады деп санауға толық мүмкіндік береді. Және де бұл арада мәселе үндестікте болып отырған жоң, қайта туманың қазіргі қырғыздарда да, наймандар арасында да кездесетіндігінде болып отыр. Қырғыздың сару тайпасы арасында ахынай (ақынай) руы бар, оның тегі қазақтардан шыңңан делінеді. Шынына келгенде, қазақтың тама руында да ахынай бөлімшесі бар. Тумалардың әлдебір бөлігінің дербес ру ретінде алшындар құрамына енуі әбден мүмкін.
Тама руының шежіресін қарастыра келгенде, біз онда есенгелді, жабыл және жоғы деген үш тармақ бар екенін көреміз. Рудың таңба белгісі: қос әліп (архив деректері, Гродеков, Мейер және басқа деректемелер бойынша). Тамалар таңбасы қазаңтың қыпшақ тайпасының таңбасынан еш айырмасы жоң екенін атап өту керек. Оның үстіне Тама руы ертедегі қыпшақтардың ежелгі жерінде, яғни Оңтүстік Оралда, Жайық және Тобыл өзендерінің жоғарғы ағысында үнемі мекендеп келген.
XIVXVI ғасырларда батыр Шора бастаған тама тайпасы ДештіҚыпшақта, Қазақ хандығының, Ноғай ордасының саяси өмірінде зор рол атқарды. Осының бәрі тамалардың ДештіҚышпақпен тығыз байланысын, олардың қыпшақтармен этникалық жағынан туыс екенін көрсетеді. Тама руының ұраны «Қарабура».
Комментариев нет:
Отправить комментарий