Табын


Табын — (моңғ. табын — бес) Кіші жүздің Жетіру бірлестігіндегі ру. Ақтобе облысында, Маңғыстау өңірінде, Сырдарияның төменгі ағысы мен Жайық бойында көптеп шоғырланған, біраз бөлігі Қарақалпақстанда тұрады. Cондай-ақ башқұрт ұлтында да Табын атты ру бар.
Негізгі таңбасы — тарақ — атбегі маңсабын бейнелейді. Орда-Ежен ұрпақтары — төре руының таңбасына ұқсас. Кіші жүзде табындарды «Ноқта ағасы» деп төрелерден соң екінші дәрежелі санап төрге отырғызған. Табын руы - белгісіне қарай үшке бөлінеді: тарақты, шөмішті, көсеулі болып. Шөміштілер негізінен Ақтөбе мен Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының жерін жайлаған, көп бөлігі аштық кезінде Қарақалпақстан жеріне ауып, сол жақты мекендеп кеткен, қазіргі күнде Ақтөбеде тұрады. Қазір Қарақалпақстанға кеткен Табындардың 80 пайызы Отанға қайтып көшіп келді. Қызылорда өңірінде де Табындар бар, олар не найзалы не тарақтылар.

[өңдеу]Шығу тегі

Аңыз бойынша Тәуке хан Орта жүздегі аз халықты Жетіруды алшындарға (бұрыңғы ноғайлыларды) қосып Кіші жүз құрған.
Тарихи деректер бойынша табындар Шыңғысханды ақ киізге көтерген 24 моңғол тайпасының арасында болыпты. Аңыздар бойынша табындардың көсемі Майқы би Шыңғысханмен ант ішкен.
Көнетүркі тілінде қазіргі Тибет жері ТоботТобонТабын деп аталған.
Ал қытай мемлекетін Табғач деп атаған. Табғачтар, немесе қытайдың тарихи деректерінде тобатуба тұнғыс-манзу тайпалары арасынан шыққан қазіргі Ішкі Моңғолияда көшкен халық. Тобалар көсемі Тоба Гуй Солтүстік Қытайды иелеп Солтүстік Вей (386-535) әулетін құрған.
Табын деген рулар ноғайлар, өзбектер, башқұрттар (журттың үштің екісіне таман) арасында бар. Сібірдегі Көшім ханныңмемлекетінде табындар атажұрт болған, бас қаласы Чинги-Тура (қазіргі Түмен). Ресейдегі Красноярск өлкесінің оңтүстігі 19 ғ. аяғына дейін Табын ұлысы деп аталған.
Табын-Богдо-Ола деген жерде Моңғолия, Ресей, Қытай елдерінің шекаралары бітісіп тұр.

Комментариев нет: